2026 ж. 14 қазан
Қант алмастырғыштар: ДДҰ не дейді

Қант алмастырғыштар сөреде көбейген сайын сұрақ та көбейеді: олар қанттан қауіпсіз бе, арықтауға көмектеse ме?
Негізгі түрлері
Қарқынды тәттілендіргіштер — қанттан жүздеген есе тәтті, калориясы жоқ немесе өте аз: стевия, сукралоза, аспартам, ацесульфам калий.
Қант спирттері (полиолдар) — эритрит, ксилит, мальтит, сорбит. Қанттан аз тәтті, калориясы төмен, бірақ нөл емес.
Сирек кездесетін қанттар — аллюлоза. Құрылымы қантқа ұқсас, бірақ ағза оны іс жүзінде сіңірмейді.
Негізгі пайдасы: қантты азайту
Тәттілендіргіштің басты құндылығы — тәтті дәмнен бас тартпай, қант мөлшерін азайту. Бұл әсіресе үш жағдайда маңызды:
Қант диабетінде. Қандағы қантты көтермейді, сондықтан тәттілендіргіш — диабеті бар адамдар үшін күнделікті тұрмысты жеңілдететін нақты құрал.
Калорияны бақылағанда. Бір шай қасық қант — шамамен 20 ккал. Күніне бірнеше шыныаяқ шай ішсеңіз, айлық айырма сезіледі.
Тіс денсаулығында. Қант тіс жегісін тудыратын бактерияларды қоректендіреді, ал тәттілендіргіш — жоқ.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2023 жылы тәттілендіргішті жалғыз арықтау құралы ретінде қарауға кеңес бермеді: салмақ тек қанттан емес, жалпы тамақтану үлгісінен тәуелді. Бұл ұсыным шартты деп белгіленген әрі қант диабеті барларға қатысты емес. Мамандар арасында талқы жалғасуда — кейбір талдаулар қантты тәттілендіргішке ауыстыру салмақтың және жүрек қаупінің төмендеуімен байланысты екенін көрсетеді.
Қорыта айтқанда: тәттілендіргіш — қантты азайтуға көмектесетін пайдалы құрал, бірақ ол жалғыз өзі ғажайып жасамайды.
Эритрит туралы
Эритрит — қант спирті. ДДҰ нұсқаулығы оны қамтымайды, себебі ол калория береді.
2023 жылы эритриттің қандағы жоғары деңгейін жүрек талмасы мен инсульт қаупімен байланыстырған зерттеу жарияланды. Бұл да бақылау сипатындағы жұмыс — себеп-салдар дәлелденген жоқ, әрі нәтижелер талқыланып жатыр.
Практикалық тұрғыда: эритритті көп мөлшерде тұтыну іштің кебуін және іш өтуді тудырады.
Ксилит пен тіс
Ксилиттің бір нақты артықшылығы бар: ол тіс жегісін тудыратын бактерияларға қолайсыз орта жасайды. Сондықтан тіс сағызы мен пасталарда қолданылады.
Маңызды ескерту: ксилит иттер үшін улы. Үйде ит болса, сақ болыңыз.
Стевия
Стевия — өсімдік тектес. Қауіпсіздігі бойынша ДДҰ мен Еуропалық тағам қауіпсіздігі агенттігі (EFSA) қабылдаған тәуліктік мөлшер белгіленген, оған жету қиын.
Бірақ «табиғи» деген сөз автоматты түрде «салмақ тастауға көмектеседі» дегенді білдірмейді — ДДҰ ұсынымы стевияға да қатысты.
Практикалық қорытынды
Тәттілендіргіш — қант пен тәттіден бас тартуға көшу құралы бола алады, бірақ шешім емес.
Ең тиімді жол — тәтті дәмге үйренген қарым-қатынасты біртіндеп өзгерту: тәттінің жалпы мөлшерін азайту, тәттілендірілген сусындарды суға ауыстыру, құрамды оқуды әдетке айналдыру.
Қант диабеті бар адамдарға тәттілендіргіш қандағы қантты бақылауда пайдалы құрал болуы мүмкін — мұны дәрігермен талқылаған жөн.
Нені есте сақтау керек
1. Басты пайдасы — тәтті дәмді сақтап, қант мөлшерін азайту
2. Қант диабеті барлар үшін ыңғайлы әрі қауіпсіз шешім
3. Ксилит тіс денсаулығына қосымша пайда береді
4. Эритрит пен ксилит көп мөлшерде ішті бұзады
5. Ксилит иттерге улы
Doctor Food-та
Стевия, эритрит, ксилит және кокос қанты «Азық-түлік» бөлімінде. Қайсысы пісіруге, қайсысы шайға ыңғайлы екенін сұраңыз.
Дереккөздер: ДДҰ — «Use of non-sugar sweeteners: WHO guideline» (2023); «WHO guideline on the use of non-sugar sweeteners: a need for reconsideration» (European Journal of Clinical Nutrition, 2023); EFSA тәттілендіргіштер бойынша бағалаулары.
Бұл мақала ақпараттық сипатта. Қант диабеті болса, дәрігермен ақылдасыңыз.


